Мүсін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мүсін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1910
Қайда барсам – көз алдымда бір мүсін
Қиялыма қанат беріп жүр мүсін.
Жақсылықтың жаршысындай көремін
Сыңғыраған саф күмістей күлкісін.
Болмасам да асқан шебер суретші,
Жүрегіме салып келем түр-түсін.
Бірақ, оны мендей етіп басқа адам
Бояуының қыбын тауып ашпаған.
Қөңілінде күмбірлеген күйінің
Құпия-сыр пернесін дәл баспаған.
Жалын атып бір жалт еткен жанары
Тілсіз-мұңсыз тұңғиыққа тастаған.
Сапырылған сан мың адам ішінен
Табам оны тұлғасынан, түсінен.
Маған деген көңілінде көктем бар,
Жадыраған жаз боларын түсінем.
Сондықтан да сол бір сұлу мүсінді
Өмір бойы жүрегіме түсірем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мүсін өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мүсін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мүсін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мүсін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар