Бұлт басса көгімді бұлаңданып – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бұлт басса көгімді бұлаңданып» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1195
Бұлт басса көгімді бұлаңданып,
Қадаламын көзіңе күмәнданып.
Қабағыма қайтадан күн қонады,
Жанарыңнан жалт еткен нұр аңғарып.
Кетсе шайым кей кезде қылаңданып,
Қадаламын көзіңе күмәнданып.
Көремін де көл-көсір көңіліңді,
Сіміремін сілкіне сырамды алып.
Шыға қалсаң көшеге сылаңданып,
Қадаламын көзіңе күмәнданып.
Сымбатына сұқтанып, жанар отым
Тұманданып кетеді-ау, тұманданып.
Сезбесем де секемді күнәнді анық,
Қадаламын көзіңе күмәнданып.
Бұл азаптан қай күні құтыламын?
Қай сағатта қасыңа тынам барып?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлт басса көгімді бұлаңданып өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бұлт басса көгімді бұлаңданып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлт басса көгімді бұлаңданып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлт басса көгімді бұлаңданып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері