Қосылу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қосылу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1300
Қыз бен жігіт жылады қосыларда,
Қосылудан қос жүрек шошынар ма?
Қайран болып басқалар қала берді
Не жетпейді екен деп осыларға?
Өздерінше әркім-ақ ойлап тұрды,
Жеңіл қарап біреуі, ойнап тұрды:
«Жатқан болар қоштасып жылап-сықтап,
Күндерімен қызықты бойдақ күнгі».
Мүлде өзге жорыды енді бірі:
«Ата-анадан бөлінер келді күні.
Балалықтан кетерде кісілікке,
Еткен болар көз жаспен белгі мұны...».
Әйтсе-дағы ешкім нақ ұға алмады,
Ойларынан дөп басып шыға алмады.
Осындай бір қуаныш той үстінде
Қыз бен жігіт солқылдап тұра алмады.
Қыз жылады жігітті сүйгені үшін,
Махаббаттың отына күйгені үшін
Тәңіріне тамшы жас тарту етті,
Адамына аңсаған тигені үшін.
Жігіт болса жылады арманы үшін,
Тамылжыған тамаша таңдары үшін.
Өміріне балаған адамының
Құшағында «құл» болып қалғаны үшін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қосылу өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қосылу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қосылу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қосылу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері