Менің бесігім

Бұл бетте «Менің бесігім» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1465
Аймалаған, емдеген,
ессе жұпар қырдан жел.
Мені аялап, тербеген
ақ бесігім — туған жер.
Шақырады сағына
сағым құшқан қырларым.
Күндей ыстық жаныма
менің құттай құндағым!
Аялаған ұланын
мынау байтақ думанды ел.
Тілегіңнен шығамын,
қуантамын, туған жер!
1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің бесігім өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Менің бесігім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің бесігім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің бесігім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері