Сайын – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Сайын» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1151
Сайын Мұратбековтың 80 жылдығына

Сайын хан, Сайын батыр, Сайын дала,
Кім білген сөздің түпкі жайын дана,
Ерлерден еңіреген ежелгіде,
Енші боп елге қалған уайым ғана.
Саялы, Сайын десе, Сайын еді,
Жүрегін бар қазаққа жайып еді,
Секілді сайдың тасы іріктелген,
Санатқа сайыпқыран лайық еді.
Заманның таразылап талай ісін,
Темірін, жез бен алтын, қалайысын,
Жусанның иісіне құмар болып,
Алманың неге аңсады жабайысын?!
Сайынның бойы биік, сойы бөлек,
Тап-таза сезім күйі, ойы да ерек,
Тұп-тұнық табиғаттың тынысындай
Тұңғиық әлем сондай болу керек!
Көңілі көлеңкесіз кең дүр еді,
Жаны да, жазуы да мөлдір еді,
Көшкелі көкке беттеп Сайын ағам,
Мөлдірлік көркем сөзде өлді ме енді?!
Адамнан аямаған мейірімін,
Бөленген алғысына кейінгінің,
Айдынын ай сәулелі сайлы сөздің,
Зерделеу бір парызы зейіндінің.
«Қанатың жеткен жерге ұш қарағым!»
Өсиет, өнегесі күшті ағаның,
Жастықтың жан аңсарын жырға қосып,
Басында отырғандай Үшқараның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сайын өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Сайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері