Алфавиттің жүйесі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1470
Алфавитті аш, қалқам,
«А» әрпімен басталған.
Жаратылыс жүйесі –
Бар әлемнің иесі;
Жалғыз ғана Алла ғой,
Алланы сен алға қой.
Алла бәрін жаратқан,
Жаратқан да таратқан.
Ақыл берген Адамға:
Маған, оған, саған да.
Алғы буын Ата ғой,
Ата ақылы бата ғой.
Аяулы жан Ана ғой,
Ана асыл дана ғой.
Алда туған аға ғой,
Аға деген пана ғой.
«Б» әрпі де дара ғой,
Арғы атамыз Баба ғой.
Үлкен-кіші бар Адам
Өсіп-өнген Бабадан.
Біз балдырған Баламыз,
Баба ақылын аламыз.
«Г» әрібін Гүл дейміз,
Гүлмен бірге гүлдейміз.
Елімізде гүл ашқан
Күлімсіреп тұр аспан.
Қайғы-мұңды білмейміз,
Гүлмен бірге гүлдейміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алфавиттің жүйесі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алфавиттің жүйесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Алфавиттің жүйесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алфавиттің жүйесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері