Туған жер

Бұл бетте «Туған жер» атты Абдрахман Асылбек жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2865
Туған жер, мен-дағы бір түлегіңмін,
Тулаған тұла бойда тілегім мың.
Алыстан асығыстап келген сайын,
Жылуын жарып бердің жүрегіңнің.
Туған жер, сен болмасаң түлер ме едім?
Жадырап жаз күніндей күлер ме едім?
Қиянға қыран болып қанат қақпай,
Қасиет, қадіріңді білер ме едім?
Туған жер, сен болмасаң, не етер едім?
Табаным тасқа тимей кетер едім.
Сүрінсем, сүйенішім – аскар тау боп,
Асудан асуларға жетеледің.
Туған жер, сен болмасаң қайтер едім?
Тек сенен табылады қай керегім.
Таратып тамырымды тереңіңе,
Болармын бекіп бір күн бәйтерегің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Туған жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері