Бір өзің – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бір өзің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2726
Жаным, сенің алай-түлей мінезің:
Мені отқа пісіретін де бір өзің,
Мені оттан түсіретін де бір өзің.
Кейде көкке барып келіп,
Қайтадан кішіретін де бір өзің.
Жаным, сенің алай-түлей мінезің:
Мені шетке ысыратын да бір өзің,
Мені көкке ұшыратын да бір өзің.
Жүрек жылуын жарып беріп,
Ақ білекті ұсынатын да бір өзің.
Жаным, сенің алай-түлей мінезің:
Мені мұңға батыратын да бір өзің,
Мені шыңға шақыратын да бір өзің.
Күміс күлкіңмен жарық беріп,
Алтын таңды атыратын да бір өзің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір өзің өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бір өзің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір өзің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір өзің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері