Жақында жетемін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жақында жетемін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1422
Жанарымнан жас тамып,
Көрсетпейді қашықты.
Жалғыз жастық жастанып,
Жүректі мұң жасытты.
Жетем жақын, мені тос,
Еркіндік жоқ жанымда.
Нөсер құйса – көңіл қош,
Басылсын мұң жауында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері