Алып кетем деп келмедім өмірге – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алып кетем деп келмедім өмірге» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1673
Алып кетем деп келмедім өмірге,
Қалып кетем деп келмедім тегінде.
Ақиқат қой әйтеуір бір өлмегің –
Міндетіңді өткермегің өмірде.
Сездім-дағы санаулы күн салмағын,
Салтанатты сарайды да салмадым.
Қолдан келер Құдай берген сыбаға –
Қарапайым қара өлеңді таңдадым.
Демеймін мен көп қиындық көрмедім,
Кейде өмірдің таттым улы шөлмегін.
Шабыт келген шақтарымда шалқыдым,
Өлең, бірақ, болған емес ермегім.
Орайыңа келмей жатса иіні,
Оңай емес өлең сөздің күйігі.
Сонда-дағы селт етпедім сескеніп,
Әркімнің өз бар емес пе биігі?
Сол биікке жеткенімше танбадым,
Байлық іздеп, басқа жолға бармадым.
Қадарынша жұмсағанмен күшімді,
Дей алмаймын аса биік самғадым.
Бірақ, бірақ, менің кейбір сөздерім
Салмақтырақ сарайынан өзгенің.
Мәңгілікке сөз қалғанмен жалғасып,
Сарайлардың көре алмадым төзгенін.
Тау мүжіліп, өзен-көл де сарқылған,
Тақ та тозған соғылған саф алтыннан.
Сен өлсең де, сақтап қалған сөзіңді,
Айналайын қасиетті халқымнан.
Еріп кетем деп келмедім өмірге,
Беріп кетем деп келгенмін тегінде.
Бір ауыз сөз қалдырмасам халқыма,
Текке келіп, текке өлгенім менің де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алып кетем деп келмедім өмірге өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алып кетем деп келмедім өмірге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алып кетем деп келмедім өмірге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алып кетем деп келмедім өмірге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері