Соғысқа қатысқандар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Соғысқа қатысқандар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2750
Соғысқа қатысқандар,
Алысып, атысқандар.
Жан беріп, жан алысып,
Азапқа батысқандар.
Ел үшін алыстыңдар,
Жер үшін жаныстыңдар.
Намысты бермеу үшін,
Қасарып, қарыстыңдар.
Қызыл қан төктіңіздер,
Жеңіке жеттіңіздер.
Алайда, көпшілігің
Жан қиып кеттіңіздер.
Тірілер, дем алдыңдар,
Ортаға оралдыңдар.
Отанның ұлы болып,
Қас батыр бола алдыңдар.
Жалындап маздандыңдар,
Өмірден озған кім бар?
Соғыстың сарбаздары,
Бүгінде ақ қалдыңдар.
Ел берер бағасын дәл,
Айтулы ағасыңдар.
Мызғымыс ескерткіш боп,
Тарихта қаласыңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соғысқа қатысқандар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Соғысқа қатысқандар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соғысқа қатысқандар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соғысқа қатысқандар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері