Адам мен хайуан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Адам мен хайуан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1831
Бұл адам өмірге не үшін келеді?
Өмірдің өрісін, кеңісін көреді.
Тамаша табиғат тынысын аялап,
Тәңірдің бұйырған жемісін тереді.
Алдынан ашылып арайлы нұр таңы,
Шуағы шашылып, орайды күлкі, әні.
Мәңгілік жалғайтын тіршілік тынысын,
Ғасырдан-ғасырға тарайды ұрпағы.
Өзекті ойлардың асылын тереді,
Әкелер балаға ақылын береді.
Сол үшін жұмбақты тылсым күш табиғат
Әрқашан адамға бас иіп келеді.
Хайуан өмірге не үшін келеді?
Аузына тигенін жеу үшін келеді.
Өзара тынымсыз тебісіп, өлісіп,
Тек қана күштісі жеңісін көреді.
Аңдарға керегі ұрпақтың жоқ тегі,
Күн көрер бір сәттік тоқтықпен, боқтықпен,
Ал, адам сеніммен мәңгілік жасайды,
Сәулесін себелеп шын бақыт көп күткен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам мен хайуан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Адам мен хайуан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам мен хайуан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам мен хайуан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері