Ерке өзен – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Ерке өзен» атты Серік Тұрғынбеков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 869
Еркелейсің, Есілім,
Еркелейсің сен маған.
Еркелесең несі мін,
Еркелеткен кең далам.
Жан жүйемді козғаған,
Жалын атқан сөз бе едің?!
Еркелесең – өз далаң,
Еркелесең – өз жерің.
Айналайын халқымнан
Айдыныңа бас ұрған.
Ағыл-тегіл алтын дән
Ағыныңа қосылған.
Кім қарамас Есілге
Сүйіп, жанып, өртенбей?!
Сарыарқаның төсінде
Сағындырған еркемдей.
Мен бір толқын Торғайдан
Ағып барып қосылған.
Бар байлықты шалғайдан
Алып барып қосылған.
Көп өрнекті мен көрдім,
Кесте салған жеріме.
Есіл сол бір ерлердің
Есіл кеткен тері ме?
Бал суыңды татқан соң,
Балаң саған жеткен де.
Есіле ағып жеткен соң,
Есіл атап кеткен бе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерке өзен өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Ерке өзен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерке өзен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ерке өзен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері