Сиқыр сезім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сиқыр сезім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2075
Жаулап алдың әніңмен де,
Сұлу сымбат сәніңмен де.
Ақ көңіл мен пәк жүрегің
Аса қымбат бәрінен де.
Бар ниетім, бар тілегім –
Жақын тартшы жаныңмен де,
Оттан ыстық тәніңмен де.
Кең даладан киік көріп,
Атпақ болып қуып беріп,
Сымбатына сұқтанумен,
Тұрып қалдым жуық келіп,
Бәрінен де биік көріп.
Құдай саған берген екен
Бар жақсыны үйіп-төгіп.
Пендеміз ғой, пендеміз ғой,
Кейбір сәтте сөнген ізгі ой.
Сұлулықты көрген сайын,
Ақыл-ойға кендеміз ғой.
Айдай сұлу аруларға
Бар тізгінді бергенбіз ғой,
Азабына көнгенбіз ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сиқыр сезім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сиқыр сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сиқыр сезім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сиқыр сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері