Механик – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Механик» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2274
Бір жас жігіт сатып алды зәулім үй,
Әрине, оны салған еді бабалар.
Әрі мықты, кең болатын әлгі үй
Көрген адам шын жоғары бағалар.
Бір кемдігі, бірақ та,
Тұратұғын ауызсудан жырақта.
«Мейлі, – деді ол, – жетер менде ерік, күш,
Не істесем де, үй менікі, иесі мен,
Машинамен өзен жаққа көшірем.
(Сол жас жігіт механик-тін еліккіш)
Шана қойсам болды астына тезінен.
Ең әулі үй іргесін қопарып,
Шығыр сияр жерді дәлдеп оямын.
Содан кейін сүйреткішпен апарып,
Қалаған жерге қоямын.
Бұл өмірде қызықтар көп қаншалық:
Жатқан кезде үйімізді көшіріп,
Күйме ішінде отырғандай көсіліп,
Өлең айтып, жадырармыз шешіліп,
Тыңдар жұрттар тамсанып».
Осындай бір қиялдарға беріліп,
Механик тез кірісті іске еліріп.
Үй іргасін қаза берді тым әрі,
Кетті көп күш, жұмсалды көп ақша да,
Бірақ та, үй қозғалмады, масқара!
Бітті ақыры құмары –
Үйі қирап құлады.
* * *
Қарасаң кей кісіге,
Ісіне,
Алмассың түк түсіне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Механик өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Механик өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Механик өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Механик өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері