Балықтар биі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Балықтар биі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1942
Сотқа арыз түсті де,
Байлар менен күштіге
Арыстанның таусылып бар төзімі,
Шықты аралап патшалығын өзінің.
Қуырмақ боп балықтарын аулаған,
От тұтатып жатты мұжық жағада.
Жаны қалмай жаңағы оттан лаулаған.
Бейшаралар аласұрды табада.
Сол Мұжыққа шүбәлі
«Сен кімсің?» – деп патша Арыстан сұрады.
«Ұлы патшам! – деді ол алып тымағын, –
Су еліне етем мұнда төрелік,
Ал, мыналар су астының тұрғыны,
Барлығымыз бұл күні
Келгеніңді құттықтайық деп едік».
«Бай ма елің, олар қалай тұрады?»
«Ұлы патшам, жұмақ болар сірә бұл.
Тәңірге біз жатыр едік табынып,
Ғұмырыңды ұзақ қыл деп жалынып»,
(Ал, балықтар жатты бұл кез қарылып).
«Мұнысы не? – деді Арыстан, – ұқтыршы,
Бас пен құйрық қатар бұлғаң қаққаны?»
«О, данышпан! – деді Мұжық тік тұрып, –
Сізді көріп, аунап-қунап жатқаны».
Мұжықты ол қақты да бір арқадан,
Қарап тағы «бишілерге» май табан,
Кетіп қалды қайтадан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балықтар биі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Балықтар биі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балықтар биі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балықтар биі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері