Кертолғау – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Кертолғау» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1185
«Солай да, солай, қарағым...»
Мұқағали.

Жаздың да соңғы Күні ұшты көкке
салыңқы салқын жымиып.
Тақалды уайым-қылыш жүрекке,
қолқада толқын тұр ұйып.
Күзбенен бірге жүрек те cуып,
берішін бездей бекітті.
Тіресе жүріп, түнекке сіңіп,
жас дәурен өтіп кетіпті!
Самайға әнтек боз қырау қонды,
сезімге селкеу түскелі.
Ойыңды уайым тоздырар болды,
шала-мұң бықсып іштегі.
Бір отты үрлеп сөндіріп алған
жүректі жеңді кеңірдек.
Тірлікте мына ендігі қалған
не тындырады екем елім деп?!
Махаббат та емес, парасат та емес,
саясат қамап сананы.
Ағадан қарыз-алашақ кеңес
арзандап және барады.
Елеуреп жүріп, алаулап жүріп,
өртеппіз талай төбені.
Сол өткен күнге алаңдап жүріп,
өр жаққа бұрдым кемені.
Өрт өшкен іште, өзегімде айла,
санамда сартап сыңсу, мұз.
Кешегі асқан кезеңім қайда,
кезегім қайда, мұңшыл күз?
Жастық жалынның ұшқыны түскен,
өрт алған кезең бос екен.
Ыңырсып шығар ышқынып іштен —
кертолғау деген осы екен.
Кертолғау деген осы екен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кертолғау өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Кертолғау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кертолғау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кертолғау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері