Көл қылып құйдым талай судай ағын
Бұл бетте «Көл қылып құйдым талай судай ағын» атты Шернияз Жарылғасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көл қылып құйдым талай судай ағын
Сөйлей көр өлмей тұрып, тіл мен жағым
Дүниенің машақатын шектім талай,
Алмасын тірлікте ердің бағын.
Қызыл тіл сөз сөйлесем безерілген,
Заманы жылдан - жылға шегерілген.
Әр жерде алқа көрсем, тұра алмаймын,
Осындай қызыл тілге шеберімнен.
Өзім де сөз айтуға шебер - ақпын,
Сөйлеуге ернім епті емерілген.
...Мал қолда, жан ұяда тұрған шақта,
Тұрады айтқан сөзің жарасып - ай.
Немене айтып - айтпай, Тәңір деген,
Дүние бастан өтіп барасың - ай.
Мусағалиев Серікбай
Керемет айтылған сөздер...