Мәңгілік мекен

Бұл бетте «Мәңгілік мекен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3014
Жас нәресте көзін алғаш ашқанда,
Қадалады жарық дүние аспанға.
Содан кейін аялайды анасын,
Жақын тартып бауырына басқанда.
Жер бетінде келгенімен өмірге,
Екі көзі болар дәйім көгінде.
Қыран құстай қаққан күннен қанатын,
Көк төсіне талпынуы тегін бе?
Тірегі оның табан асты тегістік,
Бірақ, бірақ, тартып тұрар кеңістік.
Зымыран боп, жұлдыздарды аралау –
Болар дәйім бас арманы жеңістік.
Асқақ арман алыстарға шақырар,
Адам содан аспан көкке атылар.
Қанша биік ұшқанымен шарықтап,
Мақсатына жетпей, бір күн аһ ұрар.
Қанша биік көтеріліп жоғары,
Көк төсінің болғанымен қонағы,
Қысқа ғана тіршілігі таусылып,
Адам қайта жер бетіне қонады.
Жаратты Алла он сегіз мың ғаламды,
Тал-дарақты, жан-жануар, адамды.
Ақырында мәңгі-бақи мекенің –
Тірейсің сен жер бесікке табанды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәңгілік мекен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мәңгілік мекен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәңгілік мекен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәңгілік мекен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері