Өлең, жыр, ақындар

Мәңгілік мекен

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2874
Жас нәресте көзін алғаш ашқанда,
Қадалады жарық дүние аспанға.
Содан кейін аялайды анасын,
Жақын тартып бауырына басқанда.
Жер бетінде келгенімен өмірге,
Екі көзі болар дәйім көгінде.
Қыран құстай қаққан күннен қанатын,
Көк төсіне талпынуы тегін бе?
Тірегі оның табан асты тегістік,
Бірақ, бірақ, тартып тұрар кеңістік.
Зымыран боп, жұлдыздарды аралау –
Болар дәйім бас арманы жеңістік.
Асқақ арман алыстарға шақырар,
Адам содан аспан көкке атылар.
Қанша биік ұшқанымен шарықтап,
Мақсатына жетпей, бір күн аһ ұрар.
Қанша биік көтеріліп жоғары,
Көк төсінің болғанымен қонағы,
Қысқа ғана тіршілігі таусылып,
Адам қайта жер бетіне қонады.
Жаратты Алла он сегіз мың ғаламды,
Тал-дарақты, жан-жануар, адамды.
Ақырында мәңгі-бақи мекенің –
Тірейсің сен жер бесікке табанды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер – ана

  • 0
  • 0

Жаралғалы Жер-ана зыр айналып ғаламды,
Арқасына қондырып, аялаған адамды.
Адам – жердің етене сүйеніші, тынысы,
Мәпелеген перзенті, былайынша, дұрысы.

Толық

Еркіндік

  • 0
  • 0

Келіншегің көркем екен, жігітім,
Көздеріне қадаласың күні-түн.
Көп ішінен кейде біреу сұқтанса,
Қызғанасың үзілердей үмітің.

Толық

Әйел құдіреті

  • 0
  • 0

Бас иемін қашанда әйелге мен,
Соғып тұрған жүрегім әйел дер ем.
Құдіретті кім десе бұл әлемде,
Сұлу болып жаралған әйел дер ем.

Толық

Қарап көріңіз