Жаңа жыл – наурыз

Бұл бетте «Жаңа жыл – наурыз» атты Абдрахман Асылбек жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 1
  • 8183
Мерекеміз Наурыз –
Халық күткен бақ-ырыс.
Адамдардың аңсары,
Бір-біріне сағыныш.
Кетіп қыстың ызғары,
Жібіп тоң мен мұз-қары,
Жарқырайды күмістей
Таудың асқақ шыңдары.
Күн менен түн теңеліп,
Жердің жүзі көгеріп,
Сылдырайды бұлақтар,
Шаттық үнге кенеліп.
Күлімсірей күн шығып,
Тал-дараққа бүр шығып,
Кіріседі тірлікке,
Жан-жануар құлшынып.
Өткен өмір – өткен жыр,
Оралмасқа кеткен бір.
Әз Наурыз – Жаңа жыл,
Көптен күткен көктем бұл.
Әз Наурыз – көктем бұл,
Сағыныш боп жеткен жыл.
Төгіп мейір көктен нұр,
Жер бетіне еккен гүл.
Кәрі-құртаң қош күліп,
Жас буынға ес кіріп,
Жарып шығып жаңалық,
Ығысады ескілік.
Көңілдегі алты айғы
Өкпе-наздар тарқайды.
Бетке алып Алтайды,
Қыран құстар самғайды.
Атқан таңмен ағарып,
Жеткен Наурыз – жаңалық.
Адамдарға ақыл-ой,
Дарқан мінез, даналық.
Халық күткен бақ-ырыс –
Жаса, жаса Наурыз.
Аласармай тауымыз,
Гүлдей берсін бағымыз.


Пікірлер (1)

Али

Өлең керемет шыққан, Абдрахман Асылбектің қолына лайық! Наурыздың мәнін, қазақтың жаңа жылын, көктемнің келуін, табиғаттың оянуын өте әдемі, жылы сөздермен жеткізген. Қарапайым, түсінікті, бірақ терең мағынасы бар – мектепте, әлеуметтік желіде, мереке алдында өте қолайлы. Қысқасы: жүректен шыққан, халықтық рухы бар тамаша туынды! ❤️

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа жыл – наурыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жаңа жыл – наурыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңа жыл – наурыз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаңа жыл – наурыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері