Салмақтың мәні – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Салмақтың мәні» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1800
Қатар өскен екі бидай сабағы
Масақтанып, қатқан кезде сағағы,
Тұрды бipi басын иіп төменге,
Екіншici кекірейе қарады:
– Бұл қалай? – деп, сұрап еді баласы,
Байыппенен жауап берді анасы:
– Осылайша тұрады ылғи көрініп,
Салмақты мен салмақсыздың бағасы.
Дәнді масақ салмағымен төмендеп,
Дәнсіз масақ өсер биік сереңдеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері