Бозторғай – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Бозторғай» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Даланы сағынып,
Жаңбыр боп, ақ нұр боп жеткен.
Аспанмен ағылып,
Келеді балауса көктем.
Көрдің бе даланы,
Қарашы көгілдір белге,
Әніңді баяғы
Шырқашы, шырқашы сен де.

Қайырмасы:

Еркем, жаралған ән үшін,
Шырқа, жеткенше даусың.
Толтыр наз қоңыр әніңе
Сай ішін, бау ішін.
Естісін даланың
Көкорай алабы,
Таратсын самалы,
Шырқашы, шырқашы, еркем-ай.

Күтеді әніңді
Күн сайын кең дала асыға,
Айтады қайталап
Жусаны, шалғыны, тасы да.
Жырлашы қырқада,
Аяулым, даланың өзіңдей,
Даусыңды шырқаған
Тыңдасын дүние көз ілмей.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері