Шаруа мен түлкі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шаруа мен түлкі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1804
«Ау, құдағи, көріп тұрып қауіпті,
Неге ұрлайсың тауықты? –
Деді Шаруа кездестіріп Түлкіні, –
Сені аяймын бір түрлі!
Екеуіміз тұрған кезде қосылып,
Айтайыншы бар шындықты шешіліп:
Жақсылықтың нышаны жоқ бойыңда,
Ұрлық – ұят, күнә екенін мойында.
Сені бар жұрт қарғайды,
Бейбіт күнің болмайды:
Тамақ іздеп, зәре-құтың қалмайды.
Құс қорада қалдырғанмен, сірә да,
Бүкіл тауық бір теріңе тұра ма?»
«Мұндай өмір өмір ме? –
Деді Түлкі қамығып, –
Бәрінен де безгім кеп жүр жанығып,
Ішкен асым зәр татиды көбінде,
Әйтпесе, мен адалмын ғой тегінде!
Мұқтаждық қой тура жолдан бұратын,
Оған қоса, кейде бар ғой, көгершін,
Ойға оралса, не дерсің?
Жалғыз мен бе өмірде ұрлық қылатын?
Өткір пышақ секілді ғой тірлік бұл».
«Жыр ғып бір, –
Деді Шаруа, – айттың тура шындықты.
Бар күнәңнан құтқарам,
Іс етпейсің тіпті арам,
Күзетші бол менің тауықханама,
Түлкі айласы сенен қалыс қала ма?
Майға жүзген ірімшіктей малшынып,
Сонда, бауырым, көрмейсің еш таршылық».
Түлкі шартқа тұрысып,
Кетті ісіне кірісіп.
Еркін тірлік сарайында мырзаның,
Мырза-дағы Түлкі ісіне ырза шын.
Түлкі тоя ас татқалы,
Денесін май қаптады.
Адал еңбек жақпады,
Ұрланбаған ет енді оған батпады,
Түлкі осымен қызметін тындырды.
Күтіп тұрып күн ұяға батқанын,
Бар тауықтың мойнын жұлып, жым қылды.
* * *
Жақсы арамға бастамас,
Не мұқтаждық көрсе де.
Ұрыға алтын берсе де,
Ұрлығын еш тастамас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаруа мен түлкі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шаруа мен түлкі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаруа мен түлкі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаруа мен түлкі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері