Өлең, жыр, ақындар

Омарташы аю

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1690
Бірде аңдар қалап алып Аюды,
Тапсырды бал омартасын бағуды.
Басқа біреу таппады ма бұдан да?
Аю біткен емес пе еді балқұмар?
Елді ұятқа қалдырар,
Бірақ, оны сол аңдардан сұраңдар.
Бұл қызметке талайлар-ақ тіленді,
Бәрін де қайтарған,
Күлкі үшін айтарға,
Аю тұр, міне, енді,
Түбі опыққа тірелді:
Тасыды Аю үңгіріне бар балды,
Қылмысымен қармалды.
Сырт көзге сот жиылды:
Аюды істен шығарып,
Құп алып,
Үңгірінде қыстасын деп бұйырды.
Шешті, кесті, тергеді,
Бірақ та, бал өз орнына келмеді.
Аю сөздің сондағы
Құлаққа ілмей бірін де,
Жата берді інінде,
Сорып балды бармағын,
Күнін күтіп алдағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Достар-ай

  • 0
  • 0

Қайдасыңдар достар-ай?
Жүремін жалғыз бос қалай?
Сағынып жүрмін сол кезді,
Қу тіршілік көңілімді қоштамай.

Толық

Тараз

  • 0
  • 1

Кернейдің үні үзіліп,
Керуен көшкен тізіліп.
Сыңғыр да сыңғыр шолпысы,
Сұлулар күлген сызылып.

Толық

Өзіңді-өзің жекпесең

  • 0
  • 0

Өзіңді-өзің жекпесең,
Қиындықтан шеттесең,
Ілесе алмай көпке сен,
Қор боларсың текке сен.

Толық