Өлең, жыр, ақындар

Шаруа мен балта

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2155
Ұста бірде Балтасына жекірді,
Ашуланды болмаған соң өтімді:
Өзі әр нәрсе шабады,
Балтаға айып тағады:
«Оңбағансың! Тап бүгіннен, – деді әрі, –
Сенің ісің қазық жону болады.
Асқан шебер өнеріммен алда мен
Текке қарап тұрмай-ақ,
Сені керек қылмай-ақ,
Пышақпенен тындырамын сонда мен
Басқалардың істемесін балтамен».
«Не бұйырсаң, соны істедім мен күнде, –
Иесіне Балта жайлап тіл қатты. –
Иә, солай, қымбаттым,
Бәрі сенің еркіңде;
Айтсаң болды, мен несіне тартынам?
Бірақ, ием, жүрме ренжіп артынан:
Текке менің кетіргенмен күйімді,
Бір пышақпен сала алмассың үйіңді».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үш мұжық

  • 0
  • 0

Түнде үш Мұжық бұрды ауылға бастарын.
Питерде олар жүрген еді жүк тасып;
Ойнап-күліп құптасып,
Енді елге келе жатқан жұптасып.

Толық

Тиін

  • 0
  • 0

Арыстанға қызмет етті бір.
Басқаларға қалайлығын білмеймін,
Артық айтсам, бұл сөзіме күл, мейлің,
Арыстанның көңлін табу қиын-ды.

Толық

Тасбақаның түсінігі

  • 0
  • 0

Қоян айтты:
– Тасбақа,
Ұқсамайсың басқаға.
Қыбыр-қыбыр жүрісің,

Толық