Қызыр мен кедей – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қызыр мен кедей» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1467
Ескі дорба асынып,
Кедей сорлы кезді ауыл, үйіңді.
Тағдырына шағынып та ашынып,
Жиі-жиі күйінді.
Кейбіреулер кең сарайда тұрса да,
Асып-тасып, сән-салтанат құрса да,
Қалталарын толтыруын қоймайды,
Еш тоймайды!
Тек олар
Басы бүтін құнығып,
Баи түссем деп жүргенде жұлынып,
Қолда бары жоғалар,
Тоналар.
Мысал үшін үй иесін көр мына,
Саудагер-тін табысты;
Сауда болмай, бірде бастан бағы ұшты,
Тыйып енді шабысты,
Үйде тыныш демалудың орнына,
Кемелермен шықты көктем күнінде;
Іздегені алтын еді, болмады,
Суға кетті бар байлығы қолдағы –
Енді теңіз түбінде,
Ана біреу сауда жасап көтерме,
Аз көрініп тапқаны,
Күндіз-түні жатпады,
Қарашы енді, одан кедей өтер ме?
Көріп жүрміз мұндайлардың талайын,
Тартқан түбі сазайын.
Бірде Қызыр сол Кедейді көрген-ді,
Деді оған сонда әлгі:
«Көптен саған көмектескім келген-ді,
Көргін-дағы кіл сөлекбай теңгемді,
Тоса қойғын дорбаңды;
Бірақ, менің саған қояр шартым бар:
Дорбаңды ашып, сыйғанынша сала бер,
Одан асып, жерге түссе, ал егер,
Сорға айналар алтындар.
Ескерткенім, кетпесін тек мүлде есің,
Шартты бұзбан, босқа өкініп қалма тек,
Дорбаң көне көрінеді, салма көп,
Көтере алмай жүрмесін».
Қуаныштан Кедей әрең тыныстап,
Аяғын да баса алмады дұрыстап.
Салып жатыр біреуін де қалдырмай,
Алтын теңге жауып кетті жаңбырдай.
Дорбаның тез ауырлады салмағы.
«Жетеді ме?» «Жоқ, тағы».
«Жарай ма?» «Саспағын».
«Болдың нағыз бай адам». «Тағы аздап сал тағы,
Тағы біраз тастағын».
«Қарасаңшы дорбаңа, сөгіле де бастады».
«Тағы шөкім». Дорба сол кез жарылды
Қазынасы сорға айналды тезінен
Қызыр лезде таса болды көзінен,
Қалды Кедей кедей болып кәдімгі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыр мен кедей өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қызыр мен кедей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыр мен кедей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыр мен кедей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері