Апеллес пен қодық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Апеллес пен қодық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1200
Өзін-өзі сүйер болса кім қатты,
Өзгелерге күлкі болар тым қатты:
Ол көбіне мақтанады зорлыға,
Ұялудың орнына.
* * *
Қодықпенен кездесіп қап Апеллес,
Қонаққа оны шақырды.
Қодық бірден шатылды,
Мақтаншылық оған сірә жат емес.
Былай деді аңдарға: «Апеллестен анық тым
Мен қатты жалықтым:
Шақырады қонаққа, көре қалса болғаны,
Менімше, ойы сондағы –
Сурет салмақ мені ұқсатып Пегасқа».
«Олай емес, – деді Апеллес жақын кеп, –
Кесіп алып, ақыл деп,
Құлағыңды сыйламақ ем Мидасқа.
Көп көрсем де есектердің құлағын,
Осы өңір, маңайда
Сенікінен алайда,
Ұзын құлақ көре алмадым, шырағым».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері