Түлкі мен жүзім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Түлкі мен жүзім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2844
Кірді аш Түлкі жүзімдіктің ішіне,
Тұрды жеміс алауланып, мөлдіреп.
Қу сұмпайы көзін сүзе төнді кеп,
Қандай тәтті, жақұттай-ау түсі де!
Айыбы сол – жоғарыда өздері,
Алар емес қолына тез түсіре.
Көргенімен көздері,
Тиер емес тісіне.
Сағат өтті, еш тындырған жоқ ісі,
Дымы құрып, деді сонда: «Түсіндім,
Құбылтқанмен түсін мың,
Көк екен ғой – жетілмеген жемісі,
Тұтып қалар тісіңді».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түлкі мен жүзім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Түлкі мен жүзім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түлкі мен жүзім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түлкі мен жүзім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері