Қойлар мен иттер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қойлар мен иттер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1285
Әйтеуір бір отарда
Қасқыр жөнсіз салмасын деп ойранды,
Қорадағы қорғасын деп Қойларды,
Иттің санын арттырды тез қатарда.
Рас, Қойлар Қасқырлардан құтылды,
Бірақ, Иттер жалақтатып тілдерін,
Алдыменен жұлды Қойдың жүндерін,
Содан кейін терілерін сыпырды.
Ақырында төрт-бес тірі жүргенін
Түгелдей жеп бітірді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері