Ақын мен қарақшы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақын мен қарақшы» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1562
Қапас үйде түн-түнек
Сот алдына тұрды кеп
Бір мезетте екі айыпты: Қарақшы
(Ел тонайтын үлкен жолдың бойында,
Түсті тұзақ ақырында мойынға);
Екіншісі Ақын еді дарақ шын.
Өлеңіне у қосып ол ептеген,
Қиындықты қозғап еді көптеген.
Үндерімен сиқырлы
Қауіпті еді бір түрлі.
Тамұқ соты жаман да,
Үкім шығып табанда,
Қорқынышты екі баулы шынжырлы
Асты-дағы екі шағын қазанды,
Айыптының екеуін де салды оған.
Қарақшыға Мегера тарт деп енді сазаңды,
От тұтатты жалма-жан.
Жалын лезде сонша лаулай бастады,
Қақырады тамұқтың бар тастары.
Сот Ақынға көрінді сәл жұмсақ боп,
Астында оның жайлап жанды бұл шақта от.
Ал, бірақ та, бара-бара өрледі,
Сан ғасырлар өтсе-дағы сөнбеді.
Қарақшы оты әлдеқашан сөнген-ді,
Ақын оты сағат сайын өрледі.
Көрмей ешбір азат таң,
Айқай салды Ақын сонда азаптан:
«Әділетті болмаған соң, Тәңір ме?
Атақты едім өмірде.
Болушы еді ептеп еркін жазғаным,
Соның үшін от астында маздадым».
Қарақшыдан өзін пәктеу санады;
Осы кезде жалт-жұлт етіп жанары,
Сумаң қағып ысқырынған жыландай,
Қанға бөккен от қамшысы бұлаңдай,
Үш қызының бірі шығып тамұқтың:
«Бақытсыз! – деп танытты үн, –
Пірді теуіп не етесің?
Қылмысыңмен Қарақшыдан өтесің,
Күнәсі оның түк те емес, анық бұл.
Зиянды еді, қауіпті еді қаншама,
Оның өзінде
Тек тірі кезінде,
Ал, сен болсаң... тәнің күл боп жанса да,
Жайлап шашар күн шапақ,
Сенен тағы тумасын деп бір шатақ,
Өлеңіңнің уы көмір десек біз,
Жылдан-жылға ол келеді артып есепсіз.
Қарашы өзің (қойды есіне түсіре),
Қарашы қас ісіңе,
Бақытсыздық, жөнсіздікке салғаның!
Бала безіп анадан,
Ана шошып баладан,
Кімнің ойын, кімнің есін алмадың?
Батылданып бала армандай қызғанда,
Оттың басы, бастықтықты, билікті
Айта біліп енші екенін бұйрықты,
Сен емес пе ең қоғам күшін бұзған да?
Сен емес пе ең бас ұрып тек білімге,
Толған бақыт, толған қызық айнала,
Сенген шексіз пайдаға?
Соны ұққан ел бүгінде
Толып кеткен санасыз,
Шарасыз
Өлтірген, тонаған,
Талаған, қанаған.
Көз жасында, қандарында бұған дәл
Сөзсіз, сенің күнәң бар!
Сөйте тұра кіжінесің Құдайға,
Келешекте былай да
Өлеңіңнен білем кесір қаптарын,
Қылмысыңа мына жаза деген дәл!»
Деп ашулы Мегера,
Жаба салды от қазанның қақпағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын мен қарақшы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақын мен қарақшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын мен қарақшы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын мен қарақшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері