Өлең, жыр, ақындар

Ақын мен қарақшы

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1277
Қапас үйде түн-түнек
Сот алдына тұрды кеп
Бір мезетте екі айыпты: Қарақшы
(Ел тонайтын үлкен жолдың бойында,
Түсті тұзақ ақырында мойынға);
Екіншісі Ақын еді дарақ шын.
Өлеңіне у қосып ол ептеген,
Қиындықты қозғап еді көптеген.
Үндерімен сиқырлы
Қауіпті еді бір түрлі.
Тамұқ соты жаман да,
Үкім шығып табанда,
Қорқынышты екі баулы шынжырлы
Асты-дағы екі шағын қазанды,
Айыптының екеуін де салды оған.
Қарақшыға Мегера тарт деп енді сазаңды,
От тұтатты жалма-жан.
Жалын лезде сонша лаулай бастады,
Қақырады тамұқтың бар тастары.
Сот Ақынға көрінді сәл жұмсақ боп,
Астында оның жайлап жанды бұл шақта от.
Ал, бірақ та, бара-бара өрледі,
Сан ғасырлар өтсе-дағы сөнбеді.
Қарақшы оты әлдеқашан сөнген-ді,
Ақын оты сағат сайын өрледі.
Көрмей ешбір азат таң,
Айқай салды Ақын сонда азаптан:
«Әділетті болмаған соң, Тәңір ме?
Атақты едім өмірде.
Болушы еді ептеп еркін жазғаным,
Соның үшін от астында маздадым».
Қарақшыдан өзін пәктеу санады;
Осы кезде жалт-жұлт етіп жанары,
Сумаң қағып ысқырынған жыландай,
Қанға бөккен от қамшысы бұлаңдай,
Үш қызының бірі шығып тамұқтың:
«Бақытсыз! – деп танытты үн, –
Пірді теуіп не етесің?
Қылмысыңмен Қарақшыдан өтесің,
Күнәсі оның түк те емес, анық бұл.
Зиянды еді, қауіпті еді қаншама,
Оның өзінде
Тек тірі кезінде,
Ал, сен болсаң... тәнің күл боп жанса да,
Жайлап шашар күн шапақ,
Сенен тағы тумасын деп бір шатақ,
Өлеңіңнің уы көмір десек біз,
Жылдан-жылға ол келеді артып есепсіз.
Қарашы өзің (қойды есіне түсіре),
Қарашы қас ісіңе,
Бақытсыздық, жөнсіздікке салғаның!
Бала безіп анадан,
Ана шошып баладан,
Кімнің ойын, кімнің есін алмадың?
Батылданып бала армандай қызғанда,
Оттың басы, бастықтықты, билікті
Айта біліп енші екенін бұйрықты,
Сен емес пе ең қоғам күшін бұзған да?
Сен емес пе ең бас ұрып тек білімге,
Толған бақыт, толған қызық айнала,
Сенген шексіз пайдаға?
Соны ұққан ел бүгінде
Толып кеткен санасыз,
Шарасыз
Өлтірген, тонаған,
Талаған, қанаған.
Көз жасында, қандарында бұған дәл
Сөзсіз, сенің күнәң бар!
Сөйте тұра кіжінесің Құдайға,
Келешекте былай да
Өлеңіңнен білем кесір қаптарын,
Қылмысыңа мына жаза деген дәл!»
Деп ашулы Мегера,
Жаба салды от қазанның қақпағын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Телефонның монологы

  • 0
  • 0

Телефонмын тілім жоқ,
Бірақ, маған тыным жоқ:
Сағынысқан жүректерді жалғаймын,
Алып ұшқан тілектер боп самғаймын.

Толық

Сарқырама мен бұлақ

  • 0
  • 0

Сарқырама жатты ағып, шағылысып шуаққа,
Емдігі бар қастерлі былай деді Бұлаққа
(Тас астынан шылжырап жайлап қана ағатын,
Бірақ, оның аты шыққан емді деп):

Толық

Жасай бер, қазақ тілім

  • 0
  • 0

Танытар қазағымның қазақтығын,
Анықтар қазағымның ғажаптығын.
Мәңгілік жасайды деп сенім артам,
Айналдым қасиетіңнен, Қазақ тілім.

Толық

Қарап көріңіз