Көктем білінді
- 0
- 0
Көктем білінді, көктем білінді,
Көрдім шуақты көктен күнімді.
Қозы-лақ қуып, қоралы қой баққан,
Сағындым сол бір өткен күнімді.
Бұл бетте «Жанартаудай жанымды өртейді өлең (Мұқағалиға арнау)» атты Анар Демалышева жазған поэзия туралы өлең берілген.
Көктем білінді, көктем білінді,
Көрдім шуақты көктен күнімді.
Қозы-лақ қуып, қоралы қой баққан,
Сағындым сол бір өткен күнімді.
Қырықтың бел асар жас бесіндемін,
Өткізген есімде жыл, есімде күн.
Көп кісі ұмытса да тірлік жеңіп,
Ұлт ұлы деген жанның есіндемін.
Күн нұрынан күнде ерте қуаттанып,
Көк аспаннан көңілге шуақ тамып,
Жан қалауы жамырап жақсылыққа,
Шұрқырайды жылқыдай суат барып.
Өзгелердің миын шұқыр кездікпен,
Ақымақтан құтылмадық, ездіктен.
Жүрегімді жирендіріп қырттығы,
Тікен болып қадалады сөз біткен.
Сабыр, сабыр, тыныштық бер жүрекке,
Лақтырылуға ілінсем де күрекке.
Сойған адам тілгілейді, іреп те,
Оған бола рухыңды жүдетпе.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі