Періште – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Періште» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2146
Кейбір түн ішінде
Түсіме кіресің.
Періште пішінде
Көк кезіп жүресің.
Көрдім-ау дегенде,
Қалықтап төбемде,
От болып, шоқ болып,
Кетесің жоқ болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері