Шыбын мен ара – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шыбын мен ара» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4335
Бақ ішінде, көктем келген заматта,
Бір жіңішке сабақта
Тұрған Шыбын тербеліп,
Көріп гүлден Араның нәр тергенін,
Былай деді. «Сонша неге жетесің?
Күні бойы тынбай еңбек етесің!
Ал, мен сөйтсем, бір күнде азып кетер ем.
Өміріме қарап ал –
Жұмақпенен барабар:
Жиі барам өте мен
Қонаққа да, балға да.
Мақтан емес, қаладағы әр үйдің
Бай-мырзасын танимын:
Сонда мені көрсең еді сәл ғана!
Туған күн бе, әлде үйлену тойы ма –
Бірінші боп барам да,
Бас қоямын неше түрлі тағамға,
Хрустальмен шарап та ішем тойына.
Қонақтардың бәрінен
Бұрынырақ татам астың дәмінен.
Бәрінен де рахатты қой мына:
Айналақтап сұлуларды ең анық,
Отырамын демалып,
Қонып әппақ бетіне де, мойнына»,
«Мұның бәрін білемін ғой, – деді Ара, –
Сүйкімді деп сені ешкім ойлар ма?
Кесепатсың ең арам,
Тыржияр жұрт сені көрсе тойларда.
Мазасын ап қақсаң да қай қақпаны,
Сені қуып жатқаны».
«Қуа берсін, – деді Шыбын, – есіктен,
Қайта кірем екінші бір тесіктен».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыбын мен ара өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шыбын мен ара өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыбын мен ара өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыбын мен ара өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері