Үй иесі мен тышқандар

Бұл бетте «Үй иесі мен тышқандар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1108
Ұры шығып үйіңнен,
Кім екенін білмесең,
Күдік артқан күйіңмен,
Көрінгенге жала дауып жүрме сен.
Ұры оңалмас оныңа,
Болмас және ақылды.
Қызметіңнен айырлып тек татымды,
Үлкен бәле душар болар жолыңа..
* * *
Мырза қазып қамбасын,
Жейтін біраз салды асын.
Дер кезінде ұстасын деп тышқанды,
Мысықтардан күзет қойып, күш салды.
Мырзамыздың көңлі тоқ,
Күзет мықты, үн естілмес тыз еткен.
Бәрі жақсы, күдіктенер жөні жоқ,
Ұры шықты күзеттен.
Мысықтар да кей күзетші секілді
Арамдары бар емес пе не түрлі.
Мырза сонда тек ұрысын жазалап,
Сақтап қалу орнына жүргендерін таза, ақ,
Бар Мысықты қырмақ болды тазалап.
Бұл үкімді естіген соң Мысықтар,
Ақ, қарасы пысып бар,
Безіп кетті мәңгіріп,
Қожайынды қалдырып.
Тышқандардың күткені де осы еді,
Қамбаға олар ауысты.
Екі-үш апта-ақ есебі,
Бар асты жеп тауысты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үй иесі мен тышқандар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Үй иесі мен тышқандар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үй иесі мен тышқандар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үй иесі мен тышқандар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері