Шеге – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шеге» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1401
Жол үстінде Шеге жатты,
Шаңды қауып, шөге жатты.
Жүк тиеген бір машина
Баса-көктеп келе жатты.
Дегендейін қорламақ па?
Кірді шеге доңғалаққа.
Жатып-жатып бейшараның
Бітіргені сол ғана-ақ па?
Барса Шеге құрылысқа,
Табар еді қыбын ұста.
Сәл ойлана қарап қалдым
Осы бір жәй құбылысқа:
Парасатты асыл жандар
Қасиетті қашырмаңдар.
Өз орынын таба алмаған
Шегедей бос шашылмаңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шеге өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шеге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шеге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шеге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері