Өлең жазсаң – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өлең жазсаң» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 679
Өлең жазсаң айтатының –
Адамдық пен адалдық,
Ар-ұят тым көн болса да,
Бір қозғалып қаларлық.
Күнделікті ісінде оны
Іздесек те шам алып,
Ізі-түзін таптырмайды,
Таптырмайды жоғалып.
Өлең жазсаң айтатының –
Ақыл-кеңес ізгілік.
Ойдан отар өргізесің,
Әр қадамыңды із қылып.
Ісінде оның бірі де жоқ ,
Келе атқалы біз біліп,
Адам үшін жүрегіңнен
Соғады тек ызғырық.
Өлең жазсаң көрінесің
Дарқан дүние – гүл бақтан.
Қасын түгіл достарыңа
Құратының кіл қақпан.
Көне күннің күншілісің –
Жылан жүріс, із баққан.
Ізгі жанның жақсылығы
Жүрегіңді сыздатқан.
* * *
Көйлегіңде кіршік жоқ
Жақсы-ақ екен!
Шалбарын да қыры оқтай,
Шап-шақ екен!
Сыртың әсем
Сүйсінер кісі мақтап...
Шіркін сондай болса ғой ішін аппақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлең жазсаң өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Өлең жазсаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлең жазсаң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлең жазсаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері