Алысқа, өскен елге көз қадаған – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Алысқа, өскен елге көз қадаған» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 858
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек.
Заманға жаман күйлемек
Замана оны илемек.
Абай

Алысқа, өскен елге көз қадаған.
Абайдан ұлағатты сөз тараған.
Ой салып көкірегінде көзі барға
Жері жоқ жан жүректі қозғамаған.
Дей алман одан ғибрат алмаған бар,
Зерделеп ой тезіне салмаған бар.
Зиялы коғамбыз деп күпсінеміз
Үзігін ғадауаттың жалғағандар.
Абайдың кейіпкерлері әлі тірі,
Келмей ме жағымпаздың жаны сірі.
Сырт бейне, киім киіс, тұрмыс өзге,
Қалпында ішкі залым сырдың түрі.
Пысықтар кеше Абай еткен мансұқ,
Жортып жүр танаулап іс тындырғансып.
Кейбір паң, машинаға азар сыйып,
Іркілдеп бара жатады нәнсіп, нарсып.
Қоғамда тиылмады ұры-қары,
Адамдық тарылудан терді тары.
Қалғанды түнде сорлап, күндіз жарлап,
Айтады шыдамасты адам ары.
Саудаға негізделген зор кәсіп бар.
Оларды жүргізеді көзі ашықтар.
Ісі ол ерінбеген, екі асардың.
Бүгінгі «қымбат енер» тез машықтар.
Адамдар айнығанда адалдықтан,
Зұлымдық өрбитінін надан да ұққан
Бар зауал феодализм қалдығы еді,
Бүгінгі ағайынға қалай жұққан!
Қоғамдық сырларға біз қанықпыз ғой
Деуші едік дерт жұқпайтын алыппыз ғой
Заманның құбылмалы құйынында
Баяғы «жартас» күйде қалыппыз ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алысқа, өскен елге көз қадаған өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Алысқа, өскен елге көз қадаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алысқа, өскен елге көз қадаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алысқа, өскен елге көз қадаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері