Жүйріктей бәйгеге әзір жүрген жарау – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жүйріктей бәйгеге әзір жүрген жарау» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Жүйріктей бәйгеге әзір жүрген жарау,
Жалын ғой шіркін жастық ылғи алау
Көктемгі таудан аққан қар суындай
Алдыңнан жол ашылып тарау-тарау.
Солардан алау жастық сыр ұрлайды,
Еліккіш асау жүрек шымырлайды.
Бәрі асыл, көргенінің, бәріне таң,
«Мен бақыт, мен!» —деп бәрі сыбырлайды.
Мұндайда ақыл сонда, сезім алда
Ол білмек, ол ілмектің шегі бар ма!
Жетудің қолда жоққа бәрі бақыт,
Тигенше табан тасқа соғып жарға.
Бір-екі сүрінген соң, алтынды арай
Күдік боп дегізеді «мынау қалай?»
Жел сезім жетегінде, ақыл алда
Жылжиды әр қадамың санай-санай.
Ал мүлде ой салғанда күміс самай,
Көрініп қимасындай күллі маңай.
Самарқау жылжиды екен алау жаның,
Қия алмай кейінгіге қарай-қарай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүйріктей бәйгеге әзір жүрген жарау өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жүйріктей бәйгеге әзір жүрген жарау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүйріктей бәйгеге әзір жүрген жарау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүйріктей бәйгеге әзір жүрген жарау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері