Меңіреу түн – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Меңіреу түн» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 943
Меңіреу түн.
Аспанда Ай да жалғыз,
Сені ойлаумен отырмын ай жамал қыз.
Ғашықтармыз – көрмесе тұра алмайтын,
Неге, жаным, ендеше дай боламыз?
Меңіреу түн.
Мен жалғыз. Балкондамын,
Терезеңе телміріп, жаутаңдадым.
Шалынбадың көзіме, төзім бітті,
Күл-парша етіп жүректі талқандадың.
Талқандадың,
Бөлінді санам санға,
Күңгірттеу боп көрінді ғалам сонда.
Елестетем, періштем, бейнеңді мен,
Қасіретке тұншыға қамалсам да.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Меңіреу түн өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Меңіреу түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Меңіреу түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Меңіреу түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері