Бұл бетте «Жаңа әдебиет» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
24.03.2018
0
2
8374
Күреспен, күшпен,
Білекпен
Төгілді жерге жаңа нұр.
Жігермен, іспен,
Еңбекпен
Соғылды жерге жаңа өмір.
Жаңа өмірмен,
Жаңа елмен
Түледі біздің дала, қыр.
Күшті күймен,
Тәтті әнмен,
Үдеді біздің жаңа жыр.
Айару
Керемет өлең
Гулбахар
Керемет