Бұл бетте «Ұстара» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Танысыммен жол үстінде кезім кеп,
Қона салдық тауып бір бос пананы.
Нені көрдім? Жолдасым тұр безілдеп:
Әзілдесіп ұйқтаған ек көңілді,
Енді досым тым басқаша көрінді,
«Ах, ух!» дейді ауыртқандай жерін бір.
«Не болды, дос, сырқаумысың біртүрлі?»
«Жоқ, ойбая, алып тұрмын мұртымды».
«Тек сол-ақ па?» – Қарап едім – танысым
Айна алдында тұр екен, қашып кеткен әлпеті,
Бас терісін сыпырып жатқандай-ақ әлдекім.
Ақырында біліп істің мінісін:
«Бұл не? – дедім, – өзіңді-өзің қорлайсың.
Ал, мынау бір ұстаған
Өтпес орақ секілді ғой ұстараң,
Қырынбайсың, мұнымен тек сорлайсың».
Мойындайын тек бірден
Ұстарамның нашарын.
Түк білмейтін жан емеспіз аса бір;
Кесілем деп қатты қорқам өткірден».
«Достым, саған мол сеніммен айта алам:
Өтпес пышақ қол кесер,
Өткір пышақ жөн кесер,
Тек дұрыстап пайдалан».
* * *
Бұл сөзімнің мәнісін ұқ келелі:
Кейбіреулер бар шындықтан қалыс қап,
Ақылдыдан алыстап,
Ақымақтың айтқанына сенеді.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі