Таңдау – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Таңдау» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1992
Таңдаймыз, жар таңдаймыз.
Таңдайға бал таңдаймыз,
Соғымға мал таңдаймыз.
Кемпірге шал таңдаймыз.
Ой-қырға шапқылауды
Әдет қып алғандаймыз.
«Н. ХАСЕНОВ. Мен сенің ұлынмын. 21-бет)
Мықтыға жалтаңдаймыз,
Жағынып жалпаңдаймыз.
Алдында әлсіздердің,
Паңдана талтаңдаймыз.
Атылған шампандай біз,
Ақылды арқандаймыз.
Өлеңнің, қолдан келсе,
Ойларын талқандаймыз.
Өмірге сән таңдаймыз,
Кемпірге шал таңдаймыз.
Түгендеп дүниені,
Соғымға мал таңдаймыз.
Маңдайға жар таңдаймыз,
Таңдайға бал таңдаймыз.
Ал, бірақ, өлем десе,
Қалжырап қалғандаймыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңдау өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Таңдау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңдау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңдау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері