Біз отызды барамыз ау еңсеріп

Бұл бетте «Біз отызды барамыз ау еңсеріп» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 753
Әлде неге іштей ғана елігем,
Жүрегімді үнсіздікке телігем.
Күз келгенде құлазиды көңілім,
Аққу қаздай айдыннан жеріген.

Бозғылт аспан жанарына мұң тұнып,
Боз тұманнан шыға алмадым жұлқынып.
Жүрегіме тоң боп қатқан түйір мұз,
Тамшы жас боп шашырады бір тұнық.

Тыржалаңаш қайыңдар тұр теңселіп,
Құлап түскен жапыраққа жер серік.
Уақыт шіркін ескерілмей елеусіз,
Біз отызды барамыз ау еңсеріп…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз отызды барамыз ау еңсеріп өлеңінің авторы кім?

Гүлманат Әуелхан — осы өлеңнің авторы.

Біз отызды барамыз ау еңсеріп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз отызды барамыз ау еңсеріп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлманат Әуелхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз отызды барамыз ау еңсеріп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері