Тиін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тиін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1227
Бай үйінде әшекейлеп ойылған,
Терезеге қойылған
Шығырдағы Тиінға
Таңдана жұрт қарады үлкен жиында.
Талда отырған таңданды оған Торғай да:
Аяғына көз ілеспей жүгірді,
Желбіреді құйрығы әсем ондайда.
«Айтшы, көршім, – деді Торғай, – шыныңды,
Не істеп жатсың сен қасқа?»
«Ой, достым-ай, ұзақ күнге қол бос па?
Дәу мырзаға қызмет қылып жүгірем,
Қолым тимей асқа да,
Бір тынбаймын, масқара», –
Тиін қайта зыр айналды шығырмен.
«Қош бол, бауырым, – деді Торғай, – ұғындым,
Бір орында тұрсың сен, мейлің қанша жүгіргін».
* * *
Түсінер шын кей пысыққа үңілген:
Таңдандырып, зыр жүгіріп құйындай,
Бір тынбайды жететіндей мұратқа,
Алға қарай баспайды ісі бірақ та,
Шығырдағы Тиіндай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тиін өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тиін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тиін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тиін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері