Әкім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Әкім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1479
Аса күйлі тұратын
Ертеректе бір Әкім
Барған екен Плутонға өлген соң,
Достары оны көмген соң.
Әдетінше тамұқ соты сұрапты:
«Қайда тудың, қайда тұрдың тұрақты?»
«Әкім едім, Персия ғой мекенім,
Туылғаннан әлжуаздау екенмін.
Елді өзім басқармадым, тап шыным,
Билігіне беріп қойдым хатшының».
«Не істедің?», «Іштім, жедім, мол тойдым,
Хатшы берген қағаздарға қол қойдым».
«Онда, кіргін пейішке!» «Әділеттік қайда бұл?» –
Деп Меркурий айқайлады жайға бұл.
Эак айтты: «Ағасы,
Түк ұқпайсың шамасы.
Өлікке анық қарашы, ақымақ қой санасыз!
Тап осындай билікпен
Тамам іске киліксе,
Сорға батып өлкеміз,
Жүрер едік жылап та.
Істен жырақ қалғаны үшін, сенсеңіз,
Кіріп отыр жұмаққа».
* * *
Соттар бар ғой теріс кетер кей істе,
Онда олар да кіру керек пейішке.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Әкім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері