Мәңгірген Мәкең – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мәңгірген Мәкең» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1320
Мәкең бастық нар еді,
Жаратушы жар еді.
Мекемеде мінетін
Машинасы бар еді.
Сол көлікке мінгелі,
Мәкең жаяу жүрмеді.
Үй, мекеме, қызмет –
Басқа еш нәрсе білмеді.
Қала үлкен, ғаламат,
Жүрген емес аралап.
Қай жерде тұр өз үйі –
Білген емес шамалап.
Мәкең бірде істі боп,
Қызметінен ұшты кеп.
Тұрып қалды мәңгіріп,
Таппай барар тұсты дөп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері