Кесіртке мен жемқор – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кесіртке мен жемқор» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1282
Кесіртке мен Жемқор ісі барабар,
Екеуі де құрбандыққа бара алар:
Қолға түссе,
Бірі тастап құйрығын,
Екіншісі аямайды «сыйлығын»,
Кесірткенің құйрық тастар себебі –
Құйрығының өсеріне сенеді.
Пара беріп құтыла сап Жемқорың,
Қайта түзеп ала қояр жел-қомын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері