Ақ сабан – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Ақ сабан» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Түу-түуде тоғай томсарар,
Төбеде төнер торғын көк,
Қыбыр-қыбыр қырда мал,
Жыбыр-жыбыр егін, шөп.
Егінде еңбек, шөпте асар,
Жыбыр-жыбыр бар кісі.
Қырт-қырт орад орады,
Сыңғыр-сыңғыр шалғысы.

1923 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері